жексенбі, 24 қараша, 2024 15:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутат Оқу министрлігінің мұғалімдердің «сағатын» қысқарту бастамасын сынады

Депутат Оқу министрлігінің мұғалімдердің «сағатын» қысқарту бастамасын сынады
ашық дереккөзі
Депутат Оқу министрлігінің мұғалімдердің «сағатын» қысқарту бастамасын сынады

Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева ел Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

 Жаңа оқу жылында кейбір мектеп пәндері бойынша «сағаттың» қысқаруы мұғалімдердің жалақысына кері әсерін тигізеді, - деді ол.
Сенатор жаңа оқу жылынан бастап министрліктің шешімімен кейбір пәндер бойынша аудиторияда оқушылар топқа бөліну тоқтатылғанын атап өтті. Ол атағандай, педагогикалық қауым мұндай жаңашылдықпен келіспеді.
Жағдай бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланды, қоғамда қызу талқыланды. Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жоғарыда аталған шешімді қайта қарауды өтініп, ел Президентіне ашық хат жазуға мәжбүр болса, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы бұл шешімге теріс көзқарасын білдірді, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, мұғалімдер биылғы оқу жылынан бастап окладтық жүйеге көшіп отыр.
Мәселен, бұрын қалалық дене шынықтыру мұғалімінде аптасына 24-27 сағат жүктеме болса, яғни 1,5-2 ставка, өңірлерде бір ставкаға да толмайтын. Қазір ол тіпті ірі мектептерде 17 сағатқа дейін, яғни бір ставкаға дейін төмендеген. Бұл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі аптасына орташа 16 сағат базалық мөлшерлемемен жұмыс істейді, үстеме ақыны есептемегенде, айына 95 мың теңге ғана табады деген сөз. Бұл жағдай мұғалімдерге қосымша жұмыс іздеуді қажет етеді. Сонымен қатар, мұғалімдер биылғы оқу жылынан бастап окладтық жүйеге көшіп отыр, - деді сенатор.
Дереккөз: http://baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар