Депутаттар Путиннің кетуін талап етті
Мәскеудің Ломоносов муниципалды округының депутаттары Ресей президенті Владимир Путиннің отставкасын талап етті.
Президентке жолдаған мәлімдемесінде олар ауыспалы биліктің маңызды екенін алға тартып, Путиннің екінші мерзімінен кейін "барлығы құрдымға кеткенін" айтты. Депутаттардың президентке мәлімдеме жолдау туралы хаттамалық шешімі округтың ресми сайтында жарияланды.
Депутаттардың жазуынша, Путин мен айналасындағылардың агрессия сарыны қырғи-қабақ соғыс кезеңін еске салып, Ресейді артқа тартып жатыр. Елдің жалпы ішкі өнімі еселеп артқан жоқ, ал ең төменгі жалақы айтылған көрсеткішке жетпеген. Ресейден ақылды, қабілетті адамдар жаппай кетіп жатыр, ал тұрақтылық атымен жоқ.
Осыған орай олар президентті қызметінен кетуге үндеген.
"Сіздің көзқарасыңыз, басқару моделіңіз әбден ескірді, Ресейдің дамуы мен азаматтарының потенциалын тежейді" деп жазды муниципал депутаттары.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025