дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Депутаттық этиканы бұзды": Перуашев Әбілдаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді

"Депутаттық этиканы бұзды": Перуашев Әбілдаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді
ашық дереккөзі
"Депутаттық этиканы бұзды": Перуашев Әбілдаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді
Депутат Азамат Әбілдаевтың "Мен Ресей президентін қолдаймын" деген мәлімдемесіне қатысты “Ақ жол” партиясы президиумы хабарлама жасады, деп жазады Жамбылинфо  "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың хабарлауынша, депутат А.Әбілдаевтың мәселесі бүгін партияның Ұлттық Кеңесінде қаралады.
"А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұр. "Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды. Депутаттардың тәртіптік мәселесін қарастыру партияның Ұлттық кеңесінің құзыретіне кіретіндіктен, депутат А.Әбілдаевтың сөздеріне саяси баға беру және мәселесін қарау үшін ертең партияның Ұлттық Кеңесінің пленумы шақырылуда",- деп жазды Азат Перуашев кеше өзінің телеграм-арнасында. 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар