Жаңалықтар

Деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Тексеру жұмыстары барысында, деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат, мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды.