Жаңалықтар
Диетолог адам жасын ұзартатын дәмдеуіш түрін атады
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2023
- 183
Диетолог адам жасын ұзартатын дәмдеуіш түрін атады
Диетолог Ангелина Дюбина бір шымшым кептірілген паприка жеу адам ағзасы үшін пайдалы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kubnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, паприка жасты ұзартуға көмегін тигізеді. Аталған дәмдеуіштің құрамында иммунитет үшін маңызды А дәрумені, стрессті төмендететін В дәрумендері, С витаминінің антиоксиданты, жасаруға арналған Е дәрумені, қан айналымын қалыпқа келтіретін РР дәрумені және минералдар мен органикалық қышқылдар бар.
Сонымен қатар ол салмақ тастауға көмектеседі.
"Дәмдеуіштердің құрамындағы заттар метаболизмді жылдамдатады. Асқазан-ішек жолдарын ынталандырып, майдың жоғалуын белсендіреді", - деді маман.
Диетологтың айтуынша, термиялық өңдеу кезінде паприка қоректік заттардың шамамен 75 пайызын жоғалтады. Сондықтан оны пісірілген тағамдарға қосу керек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мейрамбек Бесбаев Айзия қызын перзентханадан шығарып алды
- авторjambylinfo.kz
- 1 қазан, 2024