Жаңалықтар

Әділбек Мусин Қытайда өтіп жатқан жазғы универсиаданың қола жүлдегері атанды

Әділбек Мусин Қытайда өтіп жатқан жазғы универсиаданың қола жүлдегері атанды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метрге суға жүзуден үшінші орын алды деп хабарлады Jambylinfo.kz  ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2,03 секундта бағындырды. Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды. Спортшы іріктеу сатысында бұл қашықтықты 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға жолдама алған еді. Агенттік дерегінше, бұдан бұрын Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден іріктеу сатысында 51,68 секундты еншілеп, Қазақстан рекордын жаңартты. Жазғы универсиадада қазірге дейін Қазақстан құрамасы 20 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 11-і қола.