сенбі, 2 қараша, 2024 19:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды

«Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды
ашық дереккөзі
«Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды
Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұдан әрі сканерленген құжаттармен қоса берілген электрондық өтініш (PDF файлында) Е-Апостиль СБӨ жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮП өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді. Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар PDF файлы түріндегі электрондық форматта қалыптастырылады. Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі. Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады. Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді. Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады. Осылайша, электрондық апостиль - апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізілді.  

 Тараз қалалық №2 Халыққа қызмет

көрсету бөлімінің басшысы Б.Тургынбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар