Жаңалықтар

Димаш Құдайберген қаза тапқан кеншілердің отбасына 20 миллион теңге аударды

Димаш Құдайберген қаза тапқан кеншілердің отбасына 20 миллион теңге аударды

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасына 20 миллион теңге аударды.

Бұл туралы ақын-журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқан кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы төленгені туралы жазған болатынбыз.