Димаш Құдайберген әлемге әйгілі композитормен бірлескен алғашқы әнін жарыққа шығарады

Жаңа әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда өтеді, ал бейнебаян Димаштың YouTube арнасында жарияланады
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері, танымал продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен бірге жазған алғашқы туындысын тыңдарманға ұсынады.
Маэстро Афанасьев – әлемдік деңгейдегі музыкант. Ол Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис және Savage Garden сияқты аңызға айналған әншілермен жұмыс істеп, көптеген культ әндердің авторы әрі продюсері болды. Сонымен қатар, фильмдер мен анимациялық жобаларға саундтректер жазған.
Маэстро Афанасьев жетекшілік еткен халықаралық авторлар ұжымы Димаш Құдайбергеннің "Love’s Not Over Yet" атты жаңа әнін ұсынбақ.