Жаңалықтар

Димаш Құдайберген әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоға шапан жапты

«Бүгінгі күн – ертеңгі тарих», – деп Димаш желідегі парақшасына жазба қалдырды. Қазақтың мақтанышы Димаш Құдайберген әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоға шапан жапты,- деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұған оқырмандардан бөлек әншінің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да жылы лебіздерін жеткізген.

«Үлкендердің батасын алу –  бақыт», – деп жазды олар.

Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсан айында Димаш Домингодан таланттар шоуына әділқазы болуға шақырту алған еді.