Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді

«Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER атты жеке концертін береді!», - делінген dimash.news парақшасында. Концерттің өтетін күні: биылғы 19 қараша, басталуы – 20:30. Билеттерді сату Ticket2U сайтында 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастағанын жазған едік.