Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға тон кигізді

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай құрметке бөленді

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде бокстан ұлттық құрама сапынан жалғыз медаль еншілеп қайтқан Нұрбек Оралбайға  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Света Айтбаевтар тон кигізіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Қанат Айтбаев өзінің желідегі парақшасына видео жариялаған. Видеодан ағайынды спортшылар Айбек пен Нұрбек Оралбайларға құрмет көрсеткенін көруге болады.

«Нұрбек, Света апаң саған арнайы тон алды. Құтты болсын! Ал Айбек ағаң бір ат мінгізеді. ақшасын есепшотыңа саламын»,-деді өнер иесі.

Видеодан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бастаған бір топ спортшыларды көруге болады.

Ал желі қолданушылары боксшыға құрмет, ізет көрсеткен Қанат Света Айтбаевтарға алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін жарыса жазған.