сейсенбі, 26 қараша, 2024 23:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден өтті. Бұл туралы желіде ақын әрі журналист Бауыржан Бабажанұлы хабарлады. Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. "Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат-Света, мықты болыңыздар!", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы. Айта кетелік, Димаш марқұм атасы Құдайберген мен әжесі Миуаның тұңғыш немересі. 2019 жылы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 2018 жылы Димаштың ата-әжесі үйленгендеріне елу жыл толуына орай "Алтын тойларын" өткізген болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар