Жаңалықтар

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген әлемге әйгілі Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кешелі бері Джеки Чанның  «Аңыз» атты фильмі кинотеатрлардан көрсетіле бастаған. 

Фильмде басты рөлді актердің өзі сомдаған. 

Ал Димаш Құдайберген орындаған «This Love» атты әнді композитор Натан Ванг жазған. 

Еске салайық, 2020 жылы Димаш Құдайберген Джеки Чанның «Авангард» фильміне «Happy» саундтрегін орындаған болатын.