дүйсенбі, 24 маусым, 2024 1:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Димашты көріп шаршағанымыз басылды»: Құлсары тұрғындары Димаш Құдайбергенге алғыс айтты (Видео)

«Димашты көріп шаршағанымыз басылды»: Құлсары тұрғындары Димаш Құдайбергенге алғыс айтты (Видео)
Фото ашық дереккөзден алынды
Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысынан кейін Атырау өңірі Құлсары қаласына барып, халыққа қолдау білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өнер иесінің Құлсарыда жүргенін әуелі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлаған. Әлемге әйгілі әнші құтқарушыларға алғысын айтып, бірге суретке түскен. 


«Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осы сумен кетсін. Болашағымыз жарқын болсын. Үлкендеріміз аман болсын, кішкентайларымыз өсіп, өніп, бізді қуанта берсін. Бастысы, ел аман болсын»,-деді әнші.


Димашты көргендер оны ұялы телефонына түсіріп, ризашылықтарын білдірген.


Еске сала кетейік, қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген әнші су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде өз атынан 15 миллион теңге аударған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар