Жаңалықтар

«Димашты көріп шаршағанымыз басылды»: Құлсары тұрғындары Димаш Құдайбергенге алғыс айтты (Видео)

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысынан кейін Атырау өңірі Құлсары қаласына барып, халыққа қолдау білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өнер иесінің Құлсарыда жүргенін әуелі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлаған. Әлемге әйгілі әнші құтқарушыларға алғысын айтып, бірге суретке түскен. 


Димашты көргендер оны ұялы телефонына түсіріп, ризашылықтарын білдірген.


Еске сала кетейік, қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген әнші су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде өз атынан 15 миллион теңге аударған еді.