Дін саласында тәжірибе алмасу
Дін істері басқармалары мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері арасында дін саласында тәжірибе алмасу мақсатында а.ж. 30 қыркүйегінде аймаққа шақыру бойынша Алматы қаласының ДПЗО басшысы Д. Ибрагимов және Басқарма бөлімінің басшысы Б.Әбдіхамитов келді. Күні бойы әріптестер дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерімен жұмыс істеу, сондай - ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау бойынша тәжірибе алмасты. Кездесу барысында алдағы уақытта да әріптестер бірауыздан жұмыс бойынша тәжірибе алмасуға келісті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз