сенбі, 28 желтоқсан, 2024 6:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ДІН – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ДІН – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
ашық дереккөзі
ДІН – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Дін – қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен айырмашылықтарға түрткі беретін нәзік орта. Ондай алауыздықтардың орын алу себебінің бірі діни сауатсыздықтан туындайтыны баршамызға мәлім. Сондықтан мемлекет пен қоғамға жүктелген міндеттердің бірі дінге қызығушылық танытқан топтың басым бөлігі болып табылатын жастардың бойында ұлттық сана мен діни дүниетанымдық позицясын қалыптастыру. Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Біздің Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Еліміздегі мемлекет құраушы қазақ халқының ата діні ислам екені баршаға белгілі. Мемлекет азаматтары болып табылатын еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің де басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан халық үшін маңызды болған нәрсе мемлекет үшін де маңызды. Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Ата дініміз – исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, келісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, т.б. көптеген құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында бұрыннан бар мінездермен астасып, рухани құндылықтардың қайталанбас кешенін құраған болатын. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды. Дін жалпы адам баласына жаман нәрсені үйреткен емес, дәстүрлі, ата дініміз ислам адамды қайырымдылыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке, адамдардың бірін-бірі құрметтеуіне, адалдыққа, ешкімге зиянын тигізбеуге, оқуға, білім алуға, жақсылыққа үйретеді. Қорыта келгенде, иманның түпкі негізі дін болса, дін – тәрбиенің рухани тірегі. Сондықтан адам бойындағы барлық асыл қасиет жақсы тәрбиемен келеді. Қасиетті дініміздегі барлық құндылықтарды сақтай білгенде ғана біздің рухани байлығымыз күннен-күнге арта бермек. Сонда ғана ұрпағымыздың  болашағы баянды болады. Абдыханова Ғ.Т. – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Өзара әріптестік
Алдыңғы мақала
Өзара әріптестік

Ұқсас жаңалықтар