Жамбыл облыстық атқару жүйесіне қарасты №25 және №58 мекемесінде
теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Бексұлтан Бекмолдаевтың ұйымдастыруымен Шымкент қаласының “Ақниет” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының ҚҚ сарапшысы Файзулла Тайтелиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Файзулла Тажмұхамедұлы іс-сапары барысында Жамбыл облыстық атқару жүйесіне қарасты №25 және №58 мекемеде топтық кездесулер өткізді.
Жиында «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не? Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнен қалай сақтануға болады?» тақырыптары сөз болды.
«Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизм ұғымы –мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру деген мағнаны білдіреді,»-деген ғалым діни экстремизм, радикализм, терроризмге соқтыратын мән-жайлар жайлы кеңінен кеңінен тоқталды.
Файзулла Тажмұхамедұлы топтық кездесуден соң сотталған азаматтарды жеке қабылдады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024