Жаңалықтар

ДІНИ КІТАПТАРҒА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ

ДІНИ КІТАПТАРҒА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ

Тараз қаласы түзеу мекемесінде 573 діни әдеби кітаптарға сараптама  жасалды.  Жамбыл облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Сержан Күлтаевтың қатысуымен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің кітапханасында  тиым салынған діни әдебиеттерді болдырмау  мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген діни сараптаманың нәтижесінде  діни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың Құран мен сүннетке сай екендігі, әрі Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының ұстанымына  үйлесімді екені белгілі болды. Жалпы,түзеу мекемесінде қолданылатын  діни кітаптардың мазмұны жіті қадағаланып отырады. Діни әдебиеттердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауда, діни радикализмнің таралуын және діни эктремизм  мен терроризмнің  алдын алуда  діни әдебиеттердің қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке әрқашан есепке алынады.