Жаңалықтар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не беріледі?

«Дипломмен ауылға» барғандарға не беріледі?

Биыл Жамбыл ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге  келген  мамандарға 2 бағытта: 1) Көтерме жәрдемақы (100* АЕК = 306.3 мың теңге); 2) Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит          0,01 пайызбен 15 жылға дейін  (1500*АЕК = 4 594,5 мың теңге) қолдау жасалады. Айталық 2022 жылға 22 маманға жалпы сомасы 6,7 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 5 маманға жалпы сомасы 22,9 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит берірлген. 2022 жылдың 1 қарашасына 22 маманға (5 денсаулық сақтау,  10 білім беру, 2 мемлекеттік қызметкер, 2 мәдениет, 1 спорт, 2 агроөнеркәсіп кешені) жалпы сомасы 6 738,6 мың теңге көтерме жәрдемақы, 5 маманға (4 білім беру, 1 агроөнеркәсіп кешені) жалпы сомасы 22 972,5 мың теңгеге бюджеттік кредит берілді. Ал аудан халқының 22,8% немесе 19 958 жастарды құрайды. Жыл басынан бері 1462 NEET жас бар, 76 жұмыссыз жас тіркелген. 107 жас бастау бизнес жобасымен оқытылды, 53 шағын несие, 258 жас қайтарымсыз грант алды. 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынды. Волонтерлармен ағымды жылдың 1 қарашасына 103 жұмыс атқарылды. Қамтылған еріктілер саны 1 595 жас. Бүгінгі таңда «Жамбыл жастары» және «Ақжүрек» жастар клубы жұмыс жүргізуде, 2025 жылға дейін тағы 2 волонтерлік клуб ашып волонтерлардың санын  10 152 жасты тарту жоспарлануда. Аудандағы жас кәсіпкерлер саны 304 жас.  297 жас жеке кәсіпкер болса, 7 жас өзінің шаруа қожалығын ашып жұмысын жүргізуде (мал шаруашылығын дамыту, жиһаздарды қайта өңдеу, шаштараздардың, сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы, былғарыдан тігілген киім өндіру, жұмыртқа өндіру т.б).