«Құдіреттерің жетсе, Хасанды алдыма алып келіңдер»: Жанар Айжанова «Хутор бандысына» қатысты пікір білдірді
- авторjambylinfo.kz
- 18 қазан, 2024
- 356
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдіріп, өзін айыптап жатқан халыққа базынасын жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әншінің айтуынша, желі тараған суреттің қашан түсірілгені есінде жоқ екен.
Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап беріп отырмайтын шығармын. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды барып қол-аяғын байлап менің алдыма әкеліңдерші. «Жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын» деп, сұхбат беріп сайрап отыр ғой. Айтатынымды оған да айтамын. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазаның маған не қатысы бар. Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы түкен сурет, қай жерде түсірілген? Қасында тағы басқа да әншілер тұр, – деді әнші.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Жанар Айжанова, Шахизада және Серікбол Сайлаубектің Хасан Қасымбаевтың бірге түскен суреті тараған еді. Мұны көрген желі қолданушылары әншілерді Хасан Қасымбаевпен байланысы бар деп айтыптаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024