Жаңалықтар

«Құдіреттерің жетсе, Хасанды алдыма алып келіңдер»: Жанар Айжанова «Хутор бандысына» қатысты пікір білдірді

Бұл туралы әнші желідегі парақшасына арнайы видео жариялаған

 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері  Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдіріп, өзін айыптап жатқан халыққа базынасын жеткізді, деп  хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әншінің айтуынша, желі тараған суреттің қашан түсірілгені есінде жоқ екен.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Жанар Айжанова, Шахизада және Серікбол Сайлаубектің Хасан Қасымбаевтың бірге түскен суреті тараған еді. Мұны көрген желі қолданушылары әншілерді Хасан Қасымбаевпен байланысы бар деп айтыптаған.