Дизель «көлеңкелі экспорт» арқылы шығарылып жатыр - Болат Ақшолақов
Дизель «көлеңкелі экспорт» арқылы шығарылып жатыр - Болат Ақшолақов
Жанармайдың қазіргі бағасы мұнай-газ саласына инвестиция тартуға мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде қазіргі төмен бағалар сақталса, Қазақстанда қанша жанармай өндірілсе де барлық сұранысты қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
Оның сөзіне қарағанда, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға бойынша айырмашылықты азайту қажет. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі. ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде жанармай бағасының өсуіне қандай себептер әсер етіп отырғанын айтты.