дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дизель отынының бағасы қымбаттады

Дизель отынының бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Дизель отынының бағасы қымбаттады
Қазіргі жағдайда облыста 264 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істейді. Ағымдағы кезеңде : АИ-92 бензинінің орташа бағасы литріне 179 теңгені (белгіленген шекті баға 182 теңге/литр), АИ-95 бензині - 209 теңге/литр, Дизель отыны - 450 теңге/литр (егер ҚР тұрғыны жеңіл автокөлікте тәулігіне 100 литр 230 теңге/литр, жүк көлігінде, автобуста 300 литр тәулігіне 230 теңге/литр). "Бүгінгі күні облыстың мұнай базалары мен жанар-жағармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин 9,4 мың тонна (9-10 күндік қор, мұнай базаларында 6,7 мың тонна, жанар-жағармай құю бекеттерінде 2,7 мың тонна) бар (айлық қажеттілігі – 30 мың тонна), 5,2 мың тонна (4-5 күндік қор, мұнай базаларында 3,9 мың тонна, жанар-жағармай құю станцияларында 1,3 мың тонна) дизель отыны (айлық қажеттілігі – 40 мың тонна). Облыс бойынша дизельдік отынның орташа тәуліктік сатылымы 1300 тонна (1 600 литр), бензин – 1 000 тонна (1 300 литр) ",- деді Құдайберген Қорғанбаев ЖО әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. Сондай-ақ, облыстағы тұтынуға зауыттардан 1,0 мың тонна бензин және 1,2 мың тонна дизель отыны (жолда) жөнелтілді. 2022 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін күзгі дала жұмыстарына 10 725 тонна дизель отыны бөлінді, оның 5 655 тоннасы шілде-тамыз айларында жөнелтілді. Біздің облыс үшін негізгі жеткізуші «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент қ.), дизель отынының орташа тәуліктік максималды шығарылымы 4 000 тоннаны (4 800 литр) құрайды. Оның ішінде бірінші кезекте 1 500 тонна күзгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығына, екінші кезең – 1 000 тонна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, қалған 1 500 тонна ішкі нарыққа жеткізілмек. Дизельдік отынның бұл көлемі зауытқа жақын орналасқан 5 облыс (Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) және республикалық маңызы бар 2 қала (Алматы, Шымкент) арасында бөлінеді. Бұл ретте кейбір жанар-жағармай құю станцияларының иелері келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін дизель отынды талонмен немесе «лимиттермен» беруге мәжбүр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар