Жаңалықтар

Доллар бүгінгі бағамы 474-479 теңге

Доллар бүгінгі бағамы 474-479 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-479 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-478,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 475-479 теңге аралығында құбылып тұр. 15 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 476,22 теңге болған. Ұлттық банктің 16 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,18 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,1-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.