"Доллар шарықтап барады": Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 2 желтоқсан, 2024
- 341
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24 kz -ке сілтеме жасап.
Нұрлан Байбазаров теңгенің құлдырауына әлемде орын алып жатқан бірнеше фактор себеп болғанын атап өтті.
▪️соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі;
▪️мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі;
▪️Ресей рублінің әлсіреуі.
Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін ескере отырып, рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін.
Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу, олардың әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар, — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024