Жаңалықтар

Доллардың 27 тамыздағы ресми бағамы белгіленді

Доллардың 27 тамыздағы ресми бағамы белгіленді

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471- 478 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471 – 477 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 473 – 478 теңге аралығында құбылып тұр. 26 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,64 теңгеге қымбаттап, 472, 86 теңге болған. Ұлттық банктің 27 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 472, 20 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,3 – 7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.