Доллардың 31 тамыздағы ресми бағамы белгіленді
Доллардың 31 тамыздағы ресми бағамы белгіленді
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 468- 474 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468 – 473 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 470 – 474 теңге аралығында құбылып тұр. 27 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,75 теңгеге төмендеп, 468, 11 теңге болған. Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 10 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.