сейсенбі, 19 қараша, 2024 17:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Доллардың қымбаттауына байланысты Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

Доллардың қымбаттауына байланысты Ұлттық банк жаңа талап енгізеді
Сурет: Валерия Змейкова/ kapital.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің әсіреуін түсіндірді.

Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар 497 теңгеден (Алматыда 499,8 теңгеден) сатылып жатыр, сатып алу құны — 502 теңге болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуына байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. Мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отыр. Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі күтілуіне байланысты. Соның салдарынан мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді. Валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады,-деді Ә.Молдабекова. 

Ұлттық банктің 19 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 525,12.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар