Дональд Трамп: Мен басқаратын Америкада адамдар екі-ақ жынысқа бөлінеді
Америка трансгендер ұғымынан бас тартпақ – Трамп мәлімдеме жасады
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп президенттігінің бірінші күнінен бастап «трансгендер ессіздігін тоқтатуға» уәде берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Америка дауысы" радиос Трамп жексенбі күні Аризона штатының Феникс қаласында жас консерваторларға арналған шарада сөз сөйлегенін жазды.
Ол сондай-ақ «еркектерді әйелдер спортынан аулақ ұстауға» уәде беріп, «АҚШ үкіметі тек екі жынысты - еркек пен әйелді ғана ресми түрде мойындайтынын» айтты.