Жаңалықтар

ДОНОР БОЛ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА

ДОНОР БОЛ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні. 2005 жылдан бастап дәл осы күні әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік донорлар күні атап өтіледі.

Осыған орай «AMANAT» партиясы облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп «Донор бол – өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырды. Облыстық қан орталығында «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі еріктілері «AMANAT» партиясы облыстық филиалымен бірлесіп аталмыш акцияға белсене қатысты. Іс-шара барысында партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов сөз сөйлеп, мұндай шараны Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп өткізуі бекер еместігін жеткізді. Себебі осы жылдың 29 мамырында «AMANAT» партиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ынтымақтастық пен өзара іс-қимылын белгілеу екенін де айтты. Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева аталмыш мекеменің қызметкерлері мен «Ассамблея жастары» бірлестігінің белсенділерінің қатысуымен өтіп жатқан бірінші қайырымдылық акциясы емес екендігін жеткізді. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.                                                                                                 Диана Орынбасар,                                                               М.Х.Дулати атындағы  Тараз өңірлік университетінің                                                                                                3-курс студенті