Жаңалықтар

“Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

“Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

Оның дүниеден өткенін 25 қарашада қызы тілшімізге растады деп хабарлайды Jambylinfo.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Әзірге неден көз жұмғаны белгісіз. Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.  1978 жылы “Дос-Мұқасан” ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының “Арқас”, “Сазген”, “Адырна” ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары “Гүлдер” ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы “Ақжол” ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан “Дос-Мұқасан” тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие. Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді. Дереккөз: Stan.kz сайтының инстаграм парақшасынан