Жаңалықтар

ДСМ электронды темекіге қатысты ескерту жасады

ДСМ электронды темекіге қатысты ескерту жасады

Темекі шегуге зиянсыз балама ретінде жиі ұсынылатын вейп немесе электронды темекі шын мәнінде өкпенің ауыр ауруларына, жас кезінен бастап жүрек-қан тамырлары патологиясының дамуына, жарылу мен ақаудан күю, мүгедектік және өлім сияқты бірқатар жарақатқа әкеледі.

Вейп – бұл никотинді қыздыру және аэролиздеу арқылы электронды жеткізу жүйесі. Мұндай құрылғыдағы температура 350⁰С-қа жетуі мүмкін. Дәстүрлі толтырғыштың құрамына пропиленгликоль, глицерин, никотин, хош иістер кіреді. Құрылғыдағы қоспаны қыздырған кезде компоненттердің арасында химиялық реакция пайда болады және қыздырылмаған қоспада жоқ жаңа химиялық заттар пайда болады.

Жүкті әйелдердің никотинді қолдануы ұрық миының дамуына осындай әсер етуі мүмкін. Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, вейптерде дәстүрлі темекіге қарағанда 10 есе көп никотин бар.

32 ел (Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Гонконг, Сингапур және тағы басқа елдер) вейп айналымына уақтылы тыйым салды.