Жаңалықтар

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Дулат Бекбауов финалда қарсыласына есе жіберіп қойды Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Тайланд өкілі Бунжонг Синсиримен рингке шықты.  Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілердің жеңісті қай боксшыға беретіні жөнінде пікірі қақ жарылды. Нәтижесінде тайландтық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен  3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Дулат Бекбауов Азия чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.