жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дзюдо Федерациясы Сметов пен Қырғызбаевқа Астанадан пәтер сыйлады

Дзюдо Федерациясы Сметов пен Қырғызбаевқа Астанадан пәтер сыйлады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бүгін федерация өкілдері дзюдошыларға құрмет көрсетті

Бүгін Астанада ҚР Дзюдо Федерациясының президенті Қуанышбек
Есекеев Париж Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Марапаттау рәсімінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Астанадан 3 бөлмелі пәтердің, ал Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа 1 бөлмелі пәтердің кілтін табысталды. 

Ал Париж Олимпиадасында әйелдер арасында  48 келі салмақта 5-ші орын алған Абиба Әбужақыноваға 5 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. 

Елдос Сметов марапаттау рәсімінен соң желіде федерациясы басшылығына алғасын білдірді. 

"Қазақстан Республикасының Дзюдо Федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев  мырзаға жеке алғысымды білдіремін, осы олимпиада ойындарына барғанда маған үлкен сенім артқан, менің қандайда бір нәтиже көрсетуіме жауапкершілікті өзінің мойнына алған, үнемі қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеген жеке бапкеріме  Ғалымжан Жылгелдиевке өзімнің үлкен рахметімді айтқым келеді", -деп жазды ол.

Сондай-ақ чемпион жақында ғана ҚР Туризм және спорт министрі болған Ербол Мырзабосыновты қызметімен құттықтаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар