Дзюдошы Нұрлыхан Шархан - Париж олимпиадасын аяқтады
Ол өзбекстандық балуанға жол берді
Париж олимпиадасында дзюдодан 100 келіде татамиге шыққан қазақстандық Нұрлыхан Шархан екінші айналымда өзбекстандық Муззафарбек Туробоевтан жеңілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Муззафарбек Туробоев
дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионы атанған.
Жерлесіміз қарсыласының атақ-даңқына қарамай белсенді күресті.
Белдесу кезінде екі қарсылас бір-бірден вазари әдісін жасаған еді.
Алайда өзбек балуаны тағы бір вазари жасап, иппонмен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрлыхан Шархан - Париж олимпиадасын аяқтады.
Жарыстан кейін спортшы журналистерге сұхбат беруден бас тартқан.
Еске салайық, дзюдодан Қазақстан қоржынында Париж олимпиадасының екі медалі бар. Біріншісі, Елдос Сметовтың (60 келі) алтын жүлдесі, екіншісі, Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) қола медалі бар.