Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін асырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
60 жасар әкімге «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айып тағылды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — делінген Антикор хабарламасында.
Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Агросаланы дамуына серпін берген жан
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024