Жаңалықтар

Аудан әкімі ұсталды – Антикор

60 жастағы әкімге бірнеше айып тағылып отыр

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін асырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

60 жасар әкімге «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айып тағылды. 

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.