дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы

Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы
«Айқын» ақпарат
Главная Новости Еңбек адамы – ел мақтанышы 16 МАМЫР 2023, 12:09 1491 Еңбек адамы – ел мақтанышы Еңбек адамы – ел мақтанышы Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды, – деген еді.
Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызыметі ерен. Дәл осындай еңбегімен ел алқауына бөленіп,  көне шаһардың көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтар шығару учаскесінің жүргізушісі  Ержан Құдайбергенов. Ол 1965 жылы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүріп-ақ темір тұлпар тізгіндеп, техниканың тілін ерте меңгеріп үлгереді. Сөйтіп мектепті  бітірген соң  Түркістан қаласындағы техника мамандарын дайындайтын оқу орнында білімін жалғастырады. Оны үздік бітірген соң ауылына оралып, мектепте ұстаздық жолын бастайды. Сол аралықта ата жолымен қолына ақ таяқ ұстап кеңшардың малын бағады.

     Тәуелсіздіктің алтын таңымен жеткен азат күнде ауыл шопаны ақ таяққа хош айтып, Тараз қаласына табан тірейді. Бала кезден  моторлы көлікке жақын өскен ол шаһарда алғаш ашылған «Таза қала» ЖШС-нің қызметкері болып жұмысқа орналасты. Өз ісіне жан-тәнімен берілген Ержан Тұрсынбайұлы табан аудармастан күректей 20 жыл «Жасыл Ел – Таразда» мекемесінде еңбек етіп келеді.

– Кез келген жұмысқа немқұрайдылықпен қарау  табиғатыма жат дүние. Бала кезімнен көлікке жақын өскендіктен сүйікті ісімнен бір елі ажырағым келмейді. Адал еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетуге болатынын білемін.  Міне, талай жыл бойы тазалық саласында қызмет етудемін. Тынбай тер төгудің арқасында біраз нәрсе үйренгендеймін. Көктем, жаз мезгілінде қаланың қоқыстарын тазаласақ, қыста қарын күрейміз. Өзің тазалығын сақтап, күтіп-баптаған сүйікті қаланың айнадай жарқырап тұрғанын көргенде қиындықтардың барлығын ұмытып, марқайып қаласың. Осылайша жұмысымыз жалғасын табуда. Ұзақ жылдан бері бір мекемеде жұмыс істеп келемін. Өзіме ұнайды.  450 мыңнан аса халық тұратын қаланың тазалағына жауапты болуы мен үшін абырой. Өз ісімен мақтанамын. Әрбір адам өз жұмысына адал болып,  соңына дейін жеткізу қажет. Қай жұмыстың да оңайы жоқ. Ол үшін төзімділік пен сабырлық қажет. Кейінгі жастарға да үнемі осыны айтып отырамын. Қиындық кез келген жұмыста болады. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Адам тұрақты болуы керек. Өзіме ыңғайлы, жалақым да көңілге қонымды. Басшылық тараптан еңбегіміз еленеді. Еңбек адамына бұдан артық не керек? – дейді тазалық сақшысы.

      Асқар тау әкесінің «Балам қандай жұмыс істесеңде шын ынтаңмен істе, ешқашан жалқауланба, себебі ол сенің жейтін наның» деген өсиет сөзін бойына бойтұмар еткен ол жұмысына өте жауапкершілікпен қарайды. Әріптестері «Ержанның жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатыннына күнде көріп жүрміз. Ол сондай-ақ көңілі адал мінезі жомарт жан», –  деп тәнті болады екен.

Бір отбасының тірегі аяулы жар, төрт баланың әкесі болған Ержан Құдайбергеновтың еңбегі елеусіз қалған емес. Оның кеудесінде жарқыраған «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі мен облыс, қала басшыларының марапаттары – жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі.

   Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Қолынан келгенін аянбайтын әр адамға әркез сый-құрмет көрсетілуі тиіс.  Президенттің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» – деп атап өтуі өте орынды. Нәпақасын маңдай тер, адал еңбектен тауып жүрген кейіпкеріміздің ісі көпке үлгі. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар