Жаңалықтар

Ең жас кандидат та, ең егде кандидат та Алматыдан - ҚР ОСК

Ең жас кандидат та, ең егде кандидат та Алматыдан - ҚР ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Оның сөзінше, алдағы сайлауға кандидатурасын ұсынған үміткерлердің орта жасы 50-ден аспайды. «Үміткерлердің орташа жасы 50-ден төмен. Ең жас кандидат та, ең ересек кандидат та Алматы қаласында тұрады. Кандидаттардың арасында 10 ұлттың өкілі бар», - деді Константин Петров. Оның мәліметінше, бірмандатты жүйе бойынша кандидатурасы ұсынылғандардың 80% ерлер, 20% әйелдер.