дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Егер Борат болмаса»: рэпер 50 Cent қазақстандықтардың ашуына тиді

«Егер Борат болмаса»: рэпер 50 Cent қазақстандықтардың ашуына тиді
ашық дереккөзі
«Егер Борат болмаса»: рэпер 50 Cent қазақстандықтардың ашуына тиді
Алматыдағы концерттен кейін қазақстандықтарға рэпердің әлеуметтік желідегі пікірі ұнамады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Америкалық рэпер 50 Cent бір күн бұрын Алматыда өз концертін берді. Алайда ол концерттен кейін  Қазнет қолданушыларының ашуын туғызды. Бұл жағдайға оның әлеуметтік парақшасында пост жариялап, онда Қазақстан туралы орынсыз жазғаны себеп болды.
"Алматы, Қазақстан, бәрі керемет! Егер "Борат" фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер",  – деп жазды рэпер суретінің астына.
Қазақстандықтарға рэпердің бұл сөзі ұнамағаны анық. Оның парақшасына пікірлермен шабуыл жасалды. Негізінен, оның Қазақстанды "Борат" фильміндегі елмен салыстырғаны адамдардың наразылығын тудырды. Сондай-ақ, желі қолданушылары әртістер мен спортшылардың арқасында Қазақстанды әлем білетінін атап өтті.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар