дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев

Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев
ашық дереккөзі
Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Айта кетейік, 2019 жылы М.Әшімбав сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді. Осы орайда бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Сенат төрағасынан биылғы сайлауда қайтадан сенімді өкіл болуы мүмкіндігі туралы сұрады. «Егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сенімді өкіл болуыма және басқа да өкілдірмен бірге сайлау науқанына қатысуыма сенім артса, онда бұл қызметті атқаруға дайынмын. Бұл іс-шаралар заң аясында өткізіледі», - деді М. Әшімбаев. Сенат төрағасы заңнамада сенімді өкілдің міндеттері толық қамтылғанын айтты. «Бұл нормалар заңда ескерілген. Егер осындай міндет жүктелсе, сайлау науқанына белсенді түрде қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі тезистерін азаматтар мен қоғамға жеткіземін», - деді М. Әшімбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар