Жаңалықтар

Егін жинау республиканың барлық өңірінде басталды – Қарашөкеев

Егін жинау республиканың барлық өңірінде басталды – Қарашөкеев

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

Министр атағандай, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді-дақылдарды жинау 16,1 млн гектарды құрады. Әлеуметтік дақылдары бөлінісінде қарайтын болсақ, бидай жинау алаңы 12,9 млн гектарды құрайды. Оның 10 пайызы 14,4 центнер өнімділікпен жиналды. 1,5 млн тонна астық бастырылды. Картопты алатын болсақ, жинау алаңы 198,9 мың гектар жинау қажет. 675 мың тонна өнім жиналды, - деді Ербол Қарашөкеев.    Дереккөз: BAQ.KZ сайтынан