Egov порталы арқылы қызметтер алу қиындық туғызбайды
Egov порталы арқылы қызметтер алу қиындық туғызбайды
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бұған дейін шетелдегі қазақстандықтар үшін Egov порталы арқылы қызметтер алу қиындық туғызған болса, бүгінде порталдағы 5 қызметті қол жетімді қылдық. Айталық, туу туралы куәліктен бастап ЖСН т.б құжаттарды портал арқылы тапсырып, дайын болған кезде консулдықтардан алып кете алады. Президент тапсырмасына сәйкес біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестицияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осылайша біздің шетелдегі азаматтарға қызметті көрсету ғана емес тіпті шетелдіктер үшін портал арқылы бизнес үшін жағдай жасалуда. Бұл қәзіргі пандемия жағдайындағы жұмыстар. Мысалы шетелдік азамат елімізде өз бизнесін ашқысы келсе оған тиісті құжаттарын тапсырған соң ЭЦК және ЖСН беріледі. Сол арқылы елге келмей ақ кәсіп аша алады».