Жаңалықтар

Екі айда елге 9,5 млн доллардың гүлі әкелінген

Екі айда елге 9,5 млн доллардың гүлі әкелінген

Қаңтар - ақпан айларында елге салмағы 1,3 мың тонна болатын, 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді. Импортталған гүлдің ең көбі - раушан, елге оның 799 тоннасы кірген. Екінші орында – хризантема, үшінші орында – қалампыр. Гүлдер Эквадордан, Нидерландыдан, Колумбиядан, Кениядан, Израильден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Түркиядан әкелінді.