жексенбі, 16 наурыз, 2025 15:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Екі қолға бір күрек: 1315 адамға кәсіптік білім беріледі

Екі қолға бір күрек: 1315 адамға кәсіптік білім беріледі
Фото: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Биыл облыс бойынша 1 315 адамды кәсіптік оқумен қамту жоспарланып отыр

Бұл еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2024 жылы кәсіптік оқуға 1 291 адам жіберіліп, олардың 1 243-і оқуын аяқтап, 99,3%-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Биыл тігінші, есепші, аспаз, шаштараз, электр газбен дәнекерлеуші, кондитер, бет әрлеуші, автокөлік жөндеу слесарі, тракторшы, мал дәрігері, графикалық дизайнер, массажист, электромонтер, экскаватор машинисі сияқты мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі. Қатысушыларға шәкіртақы мен жол жүру ақысы төленеді.

Онлайн оқытуға 3 200 адам қатысады, қазіргі таңда 767 адам осы бағдарлама бойынша білім алуда. Жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру үшін облыста 113 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі мен 73 ашық есік күні өтеді.

Шетелдік жұмыс күшін азайту мақсатында жергілікті мамандарды ірі кәсіпорындарға тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 300 маман «Еврохим» компаниясында жұмысқа орналасады.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне мансаптық бағдар беру бойынша көшпелі тренингтер ұйымдастырылады. Бұл бастамалар еңбек нарығын жақсартып, халықтың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар