Жаңалықтар
Екі қолдап амандаспаған: Таразда 13 жастағы оқушы құрдасының қолын сындырды
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2023
- 264
Екі қолдап амандаспаған: Таразда 13 жастағы оқушы құрдасының қолын сындырды
«Ол менің балама «неге амандаспайсың» деген. Балам оң қолын берген. «Екі қолдап неге амандаспайсың, қолың алтын ба» деген, менің балам «иә, алтын» деген. Сол сәтте баламның жағасынан сүйреп, көшенің бұрылысына апарған да, шалқасынан құлатқан. Сол қолына секіріп келіп шынтақпен бар күшімен құлаған. Сынған қолын жұдырықпен ұра берген», - деп мән-жайды жәбірленушінің анасы біздің тілшімізге айтты.
Ауруханаға баланың әжесі мен әкесі келген. Әжесінің айтуынша, отбасының жағдайы төмен, 6 баласы бар.
«Баланың отбасы көмектесеміз деп алып, енді менің өзімді сотқа бергелі жатыр. Сөздеріне қарағанда, әжелері ауырып қалыпты. Сол күйге мен жеткізіппін», - дейді ол.
Анасының сөзінше, дәрігерлер балаға өмір бойына ауыр жұмыс істеуге, спортпен шұғылдануға тыйым салған.
Дене жарақатын салған бала 16 жасқа толмағандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Оның отбасына 103 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ал жасөспірім профилактикалық есепке алынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала