Жаңалықтар

Екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсірген

Екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсірген

Қонаев қаласында екі полиция қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы “Не молчи” қорының Instagram парақшасында мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.

Айта кетейік, зорлық көрсеткендердің бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі күзеті бойынша полиция қызметкері қызметін атқарған. Бұл екі полицей өздерінің оқушы қызға істеген видеоларын өзгелерге тартқан. Ал бұл басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппас үшін екі қызметкерді де оқиға күнінен алғы датамен жұмыстан шығарған.