”Екі қызымыз да суррогат ананың көмегімен дүниеге келді»: Баян Алагөзова бар шындықты айтты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қазан, 2024
- 1.6k
Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова өзі табиғи жолмен бала туа алса да, екі қызы да суррогат ананың көмегімен дүниеге келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Баян Мақсатқызының сөзінше, мұндай шешімді жолдасы Тұрсын Алагөзов екеуі бірге қабылдаған.
«Бәрі әйелдің жасына байланысты ғой. Біз Тұрсын екеуміз баланы болуды ойлағанда менің жасым 45 еді. Дәрігерлер маған бала көтере алатынымды айтты. «Тағы бір жыл дайындалып көресіздер» деді. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі, табиғи жолмен ана болуға дайын болған жоқпын», - деді ол.
Сондай-ақ, сұхбат барысында Баян Алагөзова екі жылдан кейін Тұрсын екеуінің үшінші сәбиі өмірге келуі мүмкін екенін тілге тиек еткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз